Негізгі

Компаниясының сараптамалық-құқықтық порталы


«ХҚЭДО-Қазақстан» компаниясының сараптамалық-құқықтық порталы – бұл ауқымды әрі бейберекет ақпарат ағымында сұрақтарына дұрыс жауап табуға ұмтылатындарға арналған тиімді әрі таптырмас онлайн платформа. Осы тұрғыдан компания қызметінің маңыздылығын іс жүзінде асыра бағалау мүмкін емес!

Порталда төрт тақырыптық бағыт ұсынылған:


Қолдану ыңғайлы болу үшін барлық бағыттар төрт түске бөлінген.

Әрбір нақты бағыт бойынша нормативтік-құқықтық база мен материалдардың (үлгілері, нұсқалары және т. б.) бір жерде жинақталуы порталдың бірегейлігін құрайды. Осы ақпараттың барлығы «ACTUALIS» электрондық жүйесінде берілген.

«ACTUALIS» электрондық жүйесі – бұл онлайн-кеңесші, сіз оған кез келген уақытта жүгіне аласыз. Аталған жүйе әртүрлі сала мамандарына кешенді ақпараттық көмек көрсетеді:

1. мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғаларға, тапсырыс беруші тарапынан, сондай-ақ өнім беруші тарапынан кәсіби міндеттерді орындауда және қойылған мақсаттарға жедел жетуге көмектеседі. Мұнда барлық қажетті құжаттардың дайын үлгілері түсіндірмелерімен және қадамдық нұсқаулықтарымен бірге берілген – бұл қажетті құжаттарды дұрыс әрі жылдам ресімдеудің тиімді жолы.

2. кадр ісі және еңбекті қорғау қызметкерлеріне кадр ісін жүргізу технологиясы бойынша мәселелерді түсіндіруде, лауазымдық нұсқаулықтар жазуға, жергілікті нормативтік актілерді әзірлеу мен енгізуге, қызметкерлерді ынталандыруға, сондай-ақ кәсіпорындардағы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне көмек көрсетеді.

3. білім беру саласының мамандары үшін – бұл мектеп, колледж және балабақша басшылығына, сондай-ақ білім басқармасы мамандарына арналған ыңғайлы жүйе. Оның көмегімен оңай жауап табуға болады, жүйе білім беру саласындағы кез келген мәселені шешу бойынша толық нұсқаулық береді, оларға қолданыстағы заңнамаға, жергілікті актілердің үлгілеріне, оқу үдерісін басқару бойынша нақты әдістемелік әзірлемелер мен әртүрлі ұсыныстарға сілтемелер қоса тіркелген.

Жүйедегі барлық материалдар екі тілде, яғни мемлекеттік және орыс тілдерінде берілген.

Медицина саласының қызметкерлері үшін «Медицина» сұрақ-жауаптар базасы» тиімді, мұнда денсаулық сақтау саласындағы ұйымдастыру және басқару және менеджмент, санэпидрежімнің мәселелері, медициналық көмек сапасы, стандарттау және тағы басқа мәселелер түсіндіріледі.

Сондай-ақ біздің порталдан сіздер әр сала мамандары үшін әртүрлі тақырыпта өткізілетін алдағы семинарлар мен вебинарлар туралы ақпаратты таба аласыздар.

Және де біздің баспа түріндегі, сондай-ақ электрондық форматтағы мерзімдік басылымдарымызға электрондық картамен төлеу арқылы үйден шықпастан жазыла аласыздар.

Әр маман өзіне қажетті әрі пайдалы ақпаратты, құжаттардың үлгілерін, қадамдық нұсқаулықтарды, бұйрықтардың, жоспарлардың үлгілерін және тағы басқаларын таба алады.

Егер сіз қандай да бір материалды таба алмасаңыз, үнемі «Кері байланыс» қызметінің көмегімен сіздің бізге жүгінуге және өзіңіздің тілектеріңізді жазуға мүмкіндігіңіз бар.

Восстановление пароля

Чтобы сбросить пароль, введите адрес, с помощью которого вы входите в свой аккаунт. Это может быть адрес Gmail или другой электронной почты, а также адрес, который вы используете для работы в Google Apps.


Смена пароля

Этого адреса нет в базе.

Авторландыру
Тіркеу

* – Поля, обязательные для заполнения..

* – Поля, обязательные для заполнения..

Сіз жұмыс істейтін компанияның деректері: