НегізгіЖетістіктер тарихы

Надежда Николаевна Тутубалина


Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «Лисаковск қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жан сақтау бөлімшесінің медбике-анестезисі, Лисаковск қ.

«Аға медбике» журналы жөнінде маған 2013 жылы біздің бұрынғы бас медициналық бикеміз Р. А. Жұмабаева кеңес берді. Мен алғашқы беттерден бастап-ақ бұл басылымның – орта буындағы медициналық мамандардың күнделікті кәсіптік қызметінде нағыз керекті нәрсе екендігін түсіндім.Мен бүкіл журналды бастан аяқоқып шықтым, маған республиканың басқа облыстарындағы әріптестерімнің қандай мәселелер бойынша жұмыс істеп жатқанын, Қазақстан денсаулық сақтауындағы жаңалықтарды білу қызықты бола түсті. Менің назарымды өзіне «Сырттай семинар» және «Практикалық тәжірибе» айдарларындағы жарияланымдар аударды – олар түсіндіреді, кеңестер береді, іс-тәжірибелік ұсынымдар береді, заманауи әдістемелер ұсынады, олар маған мамандығым бойынша жұмыста өз пайдасын тигізді.

 

Мен де өз тәжірибеммен бөліскім келді. Арнаулы әдебиетті тағы да бір зерделедім, біздің стационардағы көп жылдық жұмыс үдерісінде жасаған бақылауларымды сипаттап жаздым және материалды журналға жібердім. Менің «Медициналық бике-анестезисттің дағдылары мен міндеттері» атты бірінші мақалам осылай шықты. «Аға медбикемен» ынтымақтасудың үш жылы ішінде бұл басылымда менің сегіз жарияланымым жарық көрді.

Мақалалар бойынша жұмыс істеу маған кәсіптің теориялық негіздерін бекітуге, өз іс-тәжірибелік қызметіме талдау жасауға, денсаулық сақтаудың заманауи жүйесі ұсынатын: әдістемеден, технологиялардан, жабдықтардан  көптеген жаңалықтарды сарқуға мүмкіндік берді. Бұған қоса, мен орта буын медперсоналдың құқықтары мен міндеттеріне қатысты заңнамалық базаны, медициналық стандарттар мен нормативтерді тереңірек зерделедім. Бұл сенімділік берді, іс-тәжірибеде неғұрлым жетілдірілген, заманауи тәсілдер мен әдістерді қолдану ниеті пайда болды. Кәсіптік қарым-қатынас шеңбері кеңейді, ол менің білімімді басқа медициналық ұйымдардағы жаңа әріптестеріммен тәжірибе алмасудың арқасында молайта түсті. Олар менің мақалаларымды оқып шығып, маған қоңырау шалады, біз өзара сабағат өткіземіз. Нәтижесінде жұмыс сапасы жақсарды.

 

2014 жылы қазан айында «ХҚЭДО– Қазақстан» компаниясы маған ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығуды – порталдық электрондық өнімге жазылушылардың сұрақтарына жауап беруді ұсынды. Мен атап айтқанда, инсулиндік инъекциялар, венаішілік анестезия және басқа техникасы бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, өз білімімді әріптестеріммен және пациенттермен бөлісуге дайынмын.

Қозғалыс – өмір шарты. Ал күн сайын маман ретінде дамуға ұмтылу – кәсіптік табыстың шарты. Маған бұл турасында менің белсенділігімді, ынтымақтастығымды ынталандырған «ХҚЭДО – Қазақстан» компаниясы көмектесті.


Назад к списку историй успеха

Восстановление пароля

Чтобы сбросить пароль, введите адрес, с помощью которого вы входите в свой аккаунт. Это может быть адрес Gmail или другой электронной почты, а также адрес, который вы используете для работы в Google Apps.


Смена пароля

Этого адреса нет в базе.

Авторландыру
Тіркеу

* – Поля, обязательные для заполнения..

* – Поля, обязательные для заполнения..

Сіз жұмыс істейтін компанияның деректері: