НегізгіЖетістіктер тарихы

Камышникова Людмила Николаевна


«А. Н. Сызғанов атындағы хирургия Ұлттық ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы көпбейінді бөлімшесінің аға медициналық бикесі,  Алматы қ.

Мен «Ағамедбике» журналымен бірінші рет 2014 жылдың қаңтар айында таныстым. Басылым маған мақалаларды тәжірибелі медициналық қызметкерлердің сауатты, кәсіби және сыйымды, бұл ретте қолжетімді және қызықты етіп жазуымен ұнады. Басылымда медперсоналдың орта және кіші буындары үшін маңызды ақпараттар көп.

Бірнеше нөмірін оқығаннан кейін маған: Маған неге мақала жазбасқа? деген ой келді. Менің аға медбике лауазымындағы өтілім 2002 жылдан басталады. 1992 жылдан бастап кәсібімде жеткілікті тәжірибе жинақталды да. Біздің көпбейінді бөлімшеде ырғақты жұмыс жолға қойылған, персонал пациенттерге қамқорлық жасай отырып, қажетті тәртіпті қамтамасыз етеді. Сондықтан да әріптестермен бөлісетін жәйттер жоқ емес.Және де қаңтар айында журналдың  «Ұйымдастыру және басқару» айдарында менің «Хирургиялық стационар жұмысындағы аға медбикенің рөлі» атты бірінші мақалам жарияланды.

Әріптестер үшін қызықты, өзекті және пайдалы мақала жазу үшін мен бейін бойынша арнаулы әдебиетпен тереңірек жұмыс істедім, біздің бөлімшедегі медициналық бикелер ұжымының еңбегіне, өзімнің ұйымдастырушылық қызметіме талдау жасадым. Бұл шығармашылық жұмыс қызықтырып әкетті, жеткен жетістіктер мен кемшіліктерді, неғұрлым тиімді еңбек жолдарын сырттан қарауға мүмкіндік берді, өзімді өзім жетілдіруге ынталандырды. Қорытындыда мақала дайындалып қана қоймай, сондай-ақ іс жүзінде біздің бөлімшедегі орта буын деңгейінде пациенттерге медициналық қызмет көрсетудің нәтижелілігі де арттырылды.

 

Кәсіптік қызметте маған журналдың «Басшы және ұжым», «Ұйымдастыру және басқару», «Санэпидрежим», «Кадрлық жұмыс», «Еңбекті қорғау» сияқты айдарлары көмектеседі. Журналдың арқасындамен міндеттерді дұрыс бөлуді, өзім мен әріптестерімді жұмыстық көңіл-күйге ынталандыруды, еңбекке деген уәждемені жоғары деңгейде ұстап тұруды, проблемаларға барабар орайласу мен оларды жедел шешуді үйрендім. «Аға медбике» маған ұжымда қалыпты психологиялық ахуалды қалай ұстап тұру, қақтығыстарды басқару (айтпақшы, бұл туралы менің келесі мақалам «Медициналық бикенің кәсіптік дамуы. Медициналық персонал жұмысының уәждемесі және бақылау. Ұжымдағы психологиялық ахуал, қақтығыстарды, ширығуларды басқару, коммуникацияның формалары мен әдістері» баяндайды) жөнінде кеңестер берді. Бұл ұсынымдардың бәрін мен іс-тәжірибеде қолданамын, бұл біздің жұмысты елеулі жандандырды: мен де, медбикелер де мақсатқа ұмтылушылық, бастамашылық, жалақы үшін ғана емес, сондай-ақ перспектива үшін, денсаулық сақтау жүйесінің идеясы – ұлтты салауатты ету үшін жұмыс істеу ниетін таныта отырып, кәсіптік тұрғыда өсе түсті. Және де әрқашан ұжымдық еңбектің нәтижелерін – қызмет көрсетудің жоғары сапасы мен мәдениетін көру жағымды жайт.

Журналдың көмегімен мен өзім үшін кәсіби өсуде, қызмет бабында көтерілуде үнемі көмектесетін үш басымдықты белгіледім: бұл бейімделу, құзіреттілік және әлеует. Сондықтан жоспарларда – алға қарай жылжу, өзіңмен, қызметкерлермен жұмыс істеу, олардың одан әрі кәсіптік дамуы мен өсуіне жағдай жасау, қиыншылықтардан өте отырып, оларға көмектесу, медициналық бикенің ізгі атағына толықтай сәйкес келу үшін өзіңде жауапкершілікті, көпшілдікті, әдептілікті, байсалдылықты тәрбиелеу бар.

Және де сөз жоқ, менің журналмен ынтымақтастығым жалғасатын болады. Атап айтқанда, маған оқырмандардың кадрлық жұмыс, өндірістік үдерісті ұйымдастыру жөніндегі сұрақтарына жауап беру қызықты болған болар еді. Және де тек журналда ғана емес, сондай-ақ енді «ХҚЭДО – Қазақстан» компаниясының сайтында да. «Аға медбикемен» бірге барлық ісімнің оңға басатындығына сенімдімін.


Назад к списку историй успеха

Восстановление пароля

Чтобы сбросить пароль, введите адрес, с помощью которого вы входите в свой аккаунт. Это может быть адрес Gmail или другой электронной почты, а также адрес, который вы используете для работы в Google Apps.


Смена пароля

Этого адреса нет в базе.

Авторландыру
Тіркеу

* – Поля, обязательные для заполнения..

* – Поля, обязательные для заполнения..

Сіз жұмыс істейтін компанияның деректері: