НегізгіЖетістіктер тарихы

Жаппарова Альмира Сағитқызы


доцент акционерного общества «Үздіксіз білім берудің Қазақ  медициналық университеті», з.ғ.к., Алматы қ. 

Бұдан үш жыл бұрын маған «Аға медбике» және «Медицина ұйымының басшысы» журналдарының редакциялары ынтымақтасуды ұсынды. 30 жылдан астам оқытушылық қызмет кезеңінде әртүрлі салалар бойынша құқық саласында жеткілікті тәжірибе жинақталды, және де мен оқырмандармен медициналық қызметтер көрсету/алу үдерісінде көмектесуі мүмкін неғұрлым мәнді заңдық ұсынымдарды бөлісуге дайын едім. 


Лектор ретінде мен үшін, өз кәсіптік шеберлігімді жетілдіру – бұл мүмкіндігінше неғұрлым кең аудиториямен білімімді бөлісуге ұмтылу. Дәстүрлі академиялық формамен тұйықталып қана қоймай, барлық мүмкін болатын ресурстарды: мақалалар жариялауды, тренингтер өткізуді, семинарларға қатысуды және т.б. пайдалану маңызды. 

«ХҚЭДО–Қазақстанның» медициналық журналдарындағы құқықтық тақырыптамаға жарияланымдар бұл компаниямен ынтымақтастықтың бірінші қадамы болды. Оқырмандар сарқып алған ақпарат оларға пайдалы және қызықты болды деген үміттемін. 

Компанияның сайтына дәрігерлер мен медициналық бикелерден олардың еңбек құқықтарына, бұзылған мүдделерді қорғау жолдарына қатысты нақты сұрақтар келіп түсе бастады. Бұл ретте заңнама нормаларына негізделетін және белгілі бір біліммен қаруландыратын айқын, нақты жауапты жылдам беру қажет болды.  Біз оқырманмен сұрақтар мен жауаптар сияқты сұхбат формасына осылай келдік. Бұл құқық саласындағы білімді тұрақты толтырып отыруды, өмір талабынан қалыспауды талап етеді, демек менің өзіме медициналық аудиториядағы оқытушылық жұмыста көмектеседі, олардың арасында тәжірибелі дәрігерлер ғана емес, сондай-ақ қызметін жаңа бастаған медициналық қызметкерлер де бар.

2014 жылғы жазда біздің компаниямен ынтымақтастығымыз «Мемлекеттік сатып алулар және медицина» бағытының жетекшісі Салтанат Мергенқызы Сәдуақасованың арқасында кеңейе түсті, ол маған өзімді вебинар формасы арқылы танытуды байқап көруді ұсынды. Маған бұрынырақта мұндай интерактивті қарым-қатынасқа қатысушы болудың сәті түскен еді. Алайда бірінші рет лектор рөлінде сөз сөйлеуге тура келді. Бұл жолы вебинар тақырыбына пациенттерге қарағанда, дәрігерлердің өздерін де аз толғандырмайтын өзекті тақырып таңдап алынды. Әңгіме дәрігерлік қателіктер, заңдық жауапкершілік, кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру перспективалары туралы болды. Вебинар өткізілген уақыттың бүкіл өн бойында мен  «Аға медбике» және «Медицина ұйымының басшысы» журналдарының бас редакторы Жәмила Кеңесқызы Шамұратованың қолдау көрсетуін сезініп отырдым, ол іс-шараларды ұйымдастыру жағынан дайындауды қамтамасыз етті.

  

Біз өзімізге керекті ақпаратқа қолжетімділіктің барлық мүмкіндіктерін пайдалануға ұмтыламыз. Біреулер ғылыми және көпке танымал мақалаларды ұнатады, енді біреулерге өмірлік маңызды сұрақтарға жауаптар қажет, ал кейбіреуге интерактивті оқытуға қатысушы болу маңызды. Осындай мүмкіндіктердің бәрін өзінің креативті, кәсіби ұжымымен бірге «ХҚЭДО – Қазақстан» компаниясы береді. Олармен бірге кәсіптік жағынан өсуге мүмкіндік беретін ынтымақтастық орнату қызықты.



Назад к списку историй успеха

Восстановление пароля

Чтобы сбросить пароль, введите адрес, с помощью которого вы входите в свой аккаунт. Это может быть адрес Gmail или другой электронной почты, а также адрес, который вы используете для работы в Google Apps.


Смена пароля

Этого адреса нет в базе.

Авторландыру
Тіркеу

* – Поля, обязательные для заполнения..

* – Поля, обязательные для заполнения..

Сіз жұмыс істейтін компанияның деректері: