НегізгіЖетістіктер тарихы

Ербол Сапарбайұлы Нұрқожаев

Ынтымақтастық серіктес компанияларда ортақ мақсаттар мен бағдарлар болған кезде басталады. «Қостанай минералдары» акционерлік қоғамы  (бұдан әрі – «Қостанай  минералдары» АҚ) ұйымының негізгі мақсаттарының бірі – еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау кезінде өндірісті тұрақты дамыту. Еңбек қауіпсіздігі  мен іске саналы көзқарас дайындап шығаруды қамтамасыз ету бойынша мүмкін болатын барлық күш-жігерді жұмсай отырып, басшылық «ХҚЭДО – Қазақстан» ЖШС-нің кәсіптік анықтамалық басылымдарын қосқанда, ең пәрменді құралдарды пайдаланады.


«Қазақстанда еңбекті қорғау» журналына бес жыл бойы жазылу кәсіпорында лайықты еңбекті ұйымдастыру мәселелері бойынша баға жетпес материал жинақтауға мүмкіндік берді, оны еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандар жұмыс орындарын аттестаттауға, мемлекеттік еңбек инспекциялары өткізетін тексерулерге дайындала отырып, персоналды оқыту жұмысын ұйымдастыруда пайдаланады. 

Журнал беттерінен біз ең жоғары талаптарға жауап беру үшін қызметті ұлттық және халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес ұйымдастыру мен жүзеге асыру жөніндегі іс-тәжірибелік ұсынымдарды табамыз. 

«Кәсіпорындағы жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу», «Соттың іс-тәжірибесі» айдарларында жарияланатын материалдар еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасауға бағытталған саясаттар мен рәсімдерді сақтамаудың салдарларын сол жерде көруге және алдын алу шараларын қабылдауға, еңбекті қорғау жөніндегі сарапшылардан бизнесті жүргізу кезінде туындайтын ең күрделі сұрақтарға жауаптар алуға көмектеседі.
Басылым еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы барлық өзгерістерден хабардар болуға көмектеседі, еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру әдістеріне қашықтықтан оқыту және осының арқасында жарақаттану деңгейін төмендету, еңбекті қорғауға кететін шығындарды реттеу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін әзірлеу бойынша тиімді іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді. 

«Қостанай минералдары» АҚ  – журналға жазылушы ғана емес: біз оның беттерінде компанияның әлеуметтік жауапкершілік, денсаулық сақтау мен қоршаған ортаны қорғау саласында жиналған тәжірибесін бөлісеміз.

Компанияның еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, кәсіпорындағы персоналға медициналық қызмет көрсету, еңбектің санитарлық-гигиеналық жағдайларын қолдау, эргономикалық жұмыс орындарын құру, кәсіптік аурулардың алдын алу, табиғат қорғау қызметі мен ресурстарды сақтау, экологиялық қауіпсіз өндірістік үдерісті ұйымдастыру саласындағы жобалары туралы журналда әр жылдары «Қостанай минералдары» АҚ мамандары: еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің бастығы И. М. Семиндеровтің; «Қостанай минералдары» АҚ техникалық директоры, техника ғылымдарының докторы Н. М. Клочковтың;  «Қостанай минералдары» АҚ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің бастығы В.И.Глининнің; атқарушы директор Е. С. Нұрқожаевтың; тау-кен-көліктік кәсіпорынның бастығы М. А. Жәкеевтің; бұрғылау-жару кешенінің бастығы С. И. Гриньнің мақалалары жарияланды.

  


Кәсіпқойлар біріккен және лайықты еңбекті ұйымдастырудың ең тиімді жолдарын іздестіруге жұмылған кезде компаниялардың өздері ғана емес, сондай-ақ олардағы ұжымдардың әрбір мүшесі де ұтады. Мұны «Қостанай минералдары» АҚ-ның «ХҚЭДО – Қазақстан» ЖШС Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары федерациясының, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның қолдауымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетімен бірге республика жұмыс берушілерінің арасында жыл сайын өткізетін «Сенім» конкурсындағы жеңістері дәлелдейді: 
  • 2012 жыл – Глинин Владимир Иванович, «Қостанай минералдары» АҚ еңбекті қорғау және  өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің бастығы, «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік инженер» аталымында екінші орынды иеленді; 
  • 2014 жыл – компания «Үздік еңбекті қорғау қызметі» аталымында бірінші орынды иеленді (еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің басшысы  –Семиндеров Ильдар Мухарамович).
«Қазақстанда еңбекті қорғау» кәсіптік басылымы – жұмыс істеуге ниетті және жұмыс істей алатындарға, дамуға ұмтылатындарға арналған журнал. Біз онымен бірге өсіп келеміз, ал біздің жоспарларымыз өмір шындығына айналады.


Назад к списку историй успеха

Восстановление пароля

Чтобы сбросить пароль, введите адрес, с помощью которого вы входите в свой аккаунт. Это может быть адрес Gmail или другой электронной почты, а также адрес, который вы используете для работы в Google Apps.


Смена пароля

Этого адреса нет в базе.

Авторландыру
Тіркеу

* – Поля, обязательные для заполнения..

* – Поля, обязательные для заполнения..

Сіз жұмыс істейтін компанияның деректері: