НегізгіЖетістіктер тарихы

Диана Шайкемелқызы Хусаинова


«Legal profit» заң компаниясының директоры, «BROKER KZ» ЖШС заңгері

«ХҚЭДО–Қазақстан» ЖШС-мен бірге жарты жылдан бері ынтымақтастықта жұмыс істеп келеміз. Осы уақыт аралығында мен «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналындағы мақалалардың және түсіндірмелердің авторы болып табыламын, өз жұмысымды компанияның «Мемлекеттік сатып алу бойынша сұрақ-жауап электрондық базасы» сервисінен бастадым. Осы қызмет аясында мен мемлекеттік сатып алу жөніндегі мамандардың тәжірибелі заңгерлерден білікті және сауатты жауапты талап ететін  күнделікті жұмыстары барысында кездесетін сұрақтарына, даулы мәселелеріне түсіндірмелер бердім. Кейіннен компания  мемлекеттік сатып алу бойынша «ACTUALIS» жаңа электрондық өнімін әзірледі, мен ондағы жұмысымды сарапшы ретінде жалғастырдым. Қазіргі кезде журналда тұрақты түрде менің жұмыстарым жарияланып тұрады. Мен өзімнің іс жүзіндегі тәжірибемді қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу саласындағы кәсіптік шеберлігімді арттыруға мүмкіндік алғаныма өте қуаныштымын. 

  

«Мемлекеттік сатып алу» редакциясымен ынтымақтастықта болу – бұл  мемлекеттік сатып алу аясының өзекті ақпаратты  ұсыну саласындағы тиісті құзыреттілікке, білімдерге ие кәсіби мамандар командасымен бірлесе қызмет атқару. Редакция «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңындағы соңғы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, өзекті материалдар жариялайды. Осылайша, журнал оқырмандары мен серіктестері ұсынылатын ақпараттардың шынайылығына сенімді бола алады, өйткені барлық материалдар компания сарапшыларының өңдеуінен және мұқият тексеруінен өтеді.

«ХҚЭДО–Қазақстан» ЖШС-сі өз қызметінде ақпарат берудің заманауи құралдарын табысты түрде қолданады, бұның өзі авторлар үшін де, компания клиенттері үшін де мәні зор басымдық болып табылады.

«ХҚЭДО–Қазақстан» ЖШС компаниясына және оның қызметкерлеріне кәсіптік және шығармашылық жетістіктер, өркендеу, игілікті мақсатты аудитория, құзыретті авторлар мен зор табыстар тілегіміз келеді.

Мен «ХҚЭДО–Қазақстан» ЖШС-мен бірге жұмыс істейтініме шын ниетіммен ризашылығымды білдіремін және алдағы уақытта менің жұмысыма көп көмегі тиетін біздің өнімді ынтымақтастығымызды дамытуды қалаймын!


Назад к списку историй успеха

Восстановление пароля

Чтобы сбросить пароль, введите адрес, с помощью которого вы входите в свой аккаунт. Это может быть адрес Gmail или другой электронной почты, а также адрес, который вы используете для работы в Google Apps.


Смена пароля

Этого адреса нет в базе.

Авторландыру
Тіркеу

* – Поля, обязательные для заполнения..

* – Поля, обязательные для заполнения..

Сіз жұмыс істейтін компанияның деректері: