НегізгіЖетістіктер тарихы

Ирина Адольфовна Зейбольд


"Богатырь Security" ЖШС күзет кәсіпорны кадр бөлімінің басшысы, Екібастұз қ.

Менің «ХҚЭДО – Қазақстан» ЖШС цифрлық баспамен: «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» және «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналдарымен ынтымақтастығым 2008 жылдан басталды және осы уақытқа дейін жалғасып келеді. Журналдар күнделікті жұмысымда және кәсіби қызметімде менің сенімді көмекшілерім болып табылады. Олар Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасындағы өзгерістерді бақылап отыруға, өзіңді және біліміңді жетілдіруге, соңғы маңызды жаңалықтарды біліп отыруға және заманмен бірге адымдауға мүмкіндік береді! 

Кадр саясаты – кадрлармен жұмыс барысындағы басты бағыт екені бәріне мәлім. 
Бұл тұрғыда біздің күзет кәсіпорны, персоналмен жұмыс барысында стратегиялық міндет атқарады, кадр комиссиясы жұмысы мен персоналды жеке іріктеуден бастап, сынақ мерзімін табысты өту және ұжымда психологиялық бейімделу мақсатында жаңадан келген әр қызметкерге тәлімгер тағайындаумен аяқталады.  

 Үлкен штаты бар, кез келген ұйымның құрылымында, міндетті түрде кадрларды басқару бөлімшесі қамтылады. Әдетте кадр бөлімі сондай бөлімше болып табылады. Кадр қызметінің қызметкерлеріне тәжірибелік оқыту мен күнделікті жұмыс міндетті болып саналады, өйткені еңбек қорларын басқару бойынша үлкен жауапкершілік міндеттелген.  

«ХҚЭДО – Қазақстан» ЖШС-мен алғашқы ынтымақтастығым 2008 жылғы желтоқсаннан 2009 жылғы қаңтарға дейінгі аралықта болды, мен «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» республикалық журналының конкурстық сауалнамасына қатысып, ұтысқа ие болдым (басылымға жазылу) және журналмен ынтымақтасуға ұсыныс алдым.

«Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» және «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналдары, кадр қызметіне қызығушылық танытатын, кез келген меншік нысаны кәсіпорындарының қызметкерлері үшін тәжірибелік құрал болып саналады және кадр ісін оқығысы келетіндерге, сол сияқты, өзінің бар білімін жүйелеп, кәсіби даярлықтан өткісі келетіндерге арналған.

«Кәсіби шеберлік мектебі» айдары 2014 жыл бойы мен үшін қызметкерлер өміріндегі жаңа оқиғаларды ашты, жағдаяттарды салыстырып, жұмыстың белгілі бір жағдайларында туындаған сұрақтарға жауаптар алуға мүмкіндік берді. 

«ХҚЭДО – Қазақстан» ЖШС  ұйымдастырған семинарлар, онлайн-конференциялар, вебинарлар кадр қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге, кадрлық іс қағаздарын жүргізудің өзекті мәселелері бойынша кеңес алуға бағытталған. Оқытуды жоғары дәрежелі, ғылыми атақтары бар лекторлар, кеңесшілер өткізеді, ал Компанияның өнімі үлкен сұранысқа ие болып келеді.

Өзім тұрақты пайдаланушысы болып табылатын «ХҚЭДО – Қазақстан» ЖШС-нің сайты туралы, әсіресе, сауалдар қоятын және кадр қызметінде пайда болатын, әртүрлі мәселелерді талқылап, кәсіпқойлардың білікті жауаптарын алуға болатын «Сұрақ-жауап» айдарын атап өткім келеді.

Әріптес-кадр мамандары-менеджерлерге мәлімет: бүгінгі күні «ХҚЭДО – Қазақстан» ЖШС цифрлық баспасы – бұл электрондық және қағаз тасығыштардағы кәсіби баспа өнімдер, бұл "ACTUALIS" көп атқарымдық электрондық анықтамалық-сараптау жұйесі, оның үстіне біз үшін ақпарат «онлайн» тәртібінде тәулік бойы істейді – бұл өте қолайлы!

Еңбек қатынастарын ресімдеумен айналысатын және еңбек құқығын оқуға, заңнаманы қолдану мәселелеріне және кадрлық іс қағаздарын жүргізуді сауатты ұйымдастыруға мүдделі адамдарға, «ХҚЭДО – Қазақстан» ЖШС-мен ынтымақтастықта болу өте қажет деп есептеймін. 

Менің ойымда ешқашан қандай баспа өнімін пайдалану керек деген сауал туындамайды, өйткені осы журналдарда  қазақ және орыс тілдерінде барлық қажет ақпарат бар, сол сияқты уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін, дайын құжат үлгілері бар.

«ХҚЭДО – Қазақстан» ЖШС цифрлық баспаның басшылығына, «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» және «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналдарының редакторларына, үлкен командада еңбек етіп жатқандардың бәріне тілерім: оқырмандар – біз үшін және әрқашан тиянақты түсіндіріп, білікті ұсынымдар беруге дайын біздің сарапшылар – сіздер үшін, біздің ынтымақтастығымыздың уақыты, пайдалы ақпарат, жаңа білім, шеберлік пен дағдыларды  меңгеретін уақыт болсын. 


Назад к списку историй успеха

Восстановление пароля

Чтобы сбросить пароль, введите адрес, с помощью которого вы входите в свой аккаунт. Это может быть адрес Gmail или другой электронной почты, а также адрес, который вы используете для работы в Google Apps.


Смена пароля

Этого адреса нет в базе.

Авторландыру
Тіркеу

* – Поля, обязательные для заполнения..

* – Поля, обязательные для заполнения..

Сіз жұмыс істейтін компанияның деректері: