НегізгіЖетістіктер тарихы

Котельникова Юлия Александровна


№ 23 ЖОБМ-інің біліктілігі жоғары санаттағы педагог-психологы, Орал қ.

Алғаш рет мен «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналымен  2009 жылы таныс болдым. Ол кезде мектеп психологы қызметімен қоса маған сынып жетекшісінің жауапкершілігі жүктелді.

 

Сегізінші сынып оқушылары!!! Өте белсенді, мінез-құлықтары күрделі, өзіндік құндылықтар мен қызығушылықтар жүйесінің иегерлері. Сынып жетекшісі ретінде, маған әдістемелік көмек қажет болды, мен оны   «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналының беттерінен таптым. 

Аттестаттау сәті келген кезде мен психолог тәжірибесі туралы  өз материалымды жария ету жөнінде редакцияға өтініш жасадым..., міне сол кезден бері іс жүзінде жыл сайын журнал бетінде менің  жұмыстарым жарияланып келеді. Мен бұндай ынтымақтастыққа қуаныштымын, ол менің кәсіптік қызметімде көп көмек көрсетеді. 

Журнал туралы тек жақсы жағынан ғана айта аламын:
  • Көптеген  қызықты рубрикалар  («сыныппен жұмыс жасаймыз», «тәрбие жұмысы», «сабақтан тыс қызмет», «тәжірибе алмасу», «маман кеңесі», «құжаттармен жұмыс» және т.б.).
  • Әрбір санында қарым-қатынасқа, балаларға, жұмысқа, арналған мақалалар бар, тәжірибелік материалдар өте көп,   мен оларды өзімнің күнделікті қызметімде тұрақты түрде пайдаланамын.
  • Журналда өзіңді тануға немесе жай ғана өз өмірің туралы толғануға көмектесетін кітаптар мен тестілерді қолдануға кеңес беріледі.
  • Сынып сағаттарының, сабақтан тыс іс-шаралардың, тренингтердің  әдістемелік әзірлемелері жұмысқа жаңа идеялар енгізуге көмектеседі. 
  • Журналдың екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде шығарылатынын атап өткен жөн.
«Білім беру ресурстарының» редакциясының үнемі жаңа идеяларды, тәсілдерді әзірлейтіні, жаңа басылымдар шығаратыны қуантады, олардың көмегімен проблемаға жан-жақты қарауға болады. 

«Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы, сынып жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне, психологтарға, ата-аналар мен басқа да мамандарға, олардың күрделі жұмысында аса маңызды көмек көрсетеді.  

Анықтамалықты оқу менің пікірімше,  кез келген жастағы адамдарға қызықты деп ойлаймын. Оқырмандардың көпшілік бөлігі – әйел адамдар, педагогтар,  алайда оны ата-аналардың да қарағаны  дұрыс, өйткені онда балалар тәрбиесіне қатысты пайдалы кеңестер үнемі  жарияланып тұрады.  

Журнал ойлануға, өзіңді түсінуге және  дербес жетілуге мүмкіндік береді. 
«Білім беру ресурстарының» бүкіл ұжымына, әсіресе «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналының ұжымына шығармашылық табыс, жақсылық, кәсіптік жеңістер тілеймін! Оқырмандарыңыз бен жазылушыларыңыз көп болсын!  

Сіздер үлкен де қайырымды істермен  айналысасыздар!

Назад к списку историй успеха

Восстановление пароля

Чтобы сбросить пароль, введите адрес, с помощью которого вы входите в свой аккаунт. Это может быть адрес Gmail или другой электронной почты, а также адрес, который вы используете для работы в Google Apps.


Смена пароля

Этого адреса нет в базе.

Авторландыру
Тіркеу

* – Поля, обязательные для заполнения..

* – Поля, обязательные для заполнения..

Сіз жұмыс істейтін компанияның деректері: