НегізгіЖетістіктер тарихы

Марина Владимировна Кем

Орыс тілі мен әдебиетінің жоғары санатты оқытушысы,  «Электротехникалық колледж» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Семей қ. 

Педагог кәсібі – ең күрделі, жауапты әрі шығармашылық кәсіп. Өзін осы кәсіпте тапқан адам үнемі оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тәсілдерін, құралдарын және әдістерін іздеу үстінде болады, және бірінші қыркүйек сайын оқушылармен кездесудің алдында терең толқынысты сезінеді. 

Тағдырдың жазуымен мен 1991 ж. сол кездері СПТУ-11 деп аталған, қазіргі электротехникалық колледждің табалдырығын аттадым. Осы жерде мен орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі лауазымынан колледж әдіскері лауазымына дейінгі (2004 ж.) жолдан өттім, ал кейін директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалдым (2012 ж.), бүгінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымын. 

Менің әдіскер және директордың орынбасары ретінде кәсіби қалыптасуымда «ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС-нің «Білім беру ресурстары» тақырыптық бағытымен ынтымақтастықтың атқаратын рөлі зор. 


2012 ж. бастап мен «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы» журналымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеймін. Бұл басылым оқу-тәрбие үдерісін, ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға әсерлі іс-тәжірибелік көмек көрсетеді. Әріптестеріңнің тәжірибесімен таныса отырып, кәсіптік-педагогикалық қызметтің көптеген күрделі мәселелерінің жауаптарын, іс-тәжірибелік ұсыныстар табуға болады. 

Біздің журналымыздың беттерінде қарастырылатын тақырыптар өте өзекті, педагогикалық қызметтің оқу-әдістемелік және оқу-тәрбие бағыттарының мазмұнын жаңғырту саласында тәжірибе алмасуға, пікір, ой бөлісуге септігін тигізеді. 

Ақпараттың ауқымды ағымына және қолжетімділігіне қарамастан қазіргі әлемде білім беру саласының қызметкерлері білім беруді жаңғыртуда оң нәтижелерге, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде жоғары көрсеткіштерге жеткен іс-тәжірибелік басшылар мен педагогтардың көмектеріне мұқтаж. Осының бәрін «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығынан» табуға болады. 

2013 ж. өзім үшін тағы бір кәсіби басылымды аштым, ол – «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы. Онымен ынтымақтастығымның жалғасқанына екі жыл толды. Мұнда тәрбие жұмысының ұжымдық және жеке түрлерін қолдану бойынша іс-тәжірибелік ұсыныстарды, тәрбиелік сипаттағы әртүрлі іс-шаралардың, сабақтан тыс іс-шаралардың әдістемелік әзірлемелерін табуға болады. ҚР білім беруді дамытудың барынша басым бағыттарын дәл осы журнал қарастырады, ол үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу мәселелеріне деген қызығушылықты қалыптастырады, оқырмандарды психологиялық-педагогикалық білімді дамытудың жаңа бағыттарымен таныстырады, тәжірибе алмасуға және ой бөлісуге мүмкіндік береді. 


Заманауи педагог жаңа идеяларды тани отырып және оларды оқу-тәрбие үдерісіне енгізе отырып, тек алға жылжуы тиіс. «Білім беру ресурстары» тақырыптық бағыты үнемі шығармашылық ізденіс үстінде, оған білім беру саласы қызметкерлеріне қажетті жаңа «Білім беру ұйымының әдіскері» журналының шығуы дәлел бола алады. 

Журналдың алғашқы нөмірінде жарияланған мақалалармен танысқаннан кейін мен: «ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС уақыт ағымымен жүреді, сандық баспаның қызметі жоғары кәсіпқойлығымен және ҚР білім берудің барлық деңгейдегі өкілдеріне жан-жақты әдістемелік қолдау мен көмек көрсетуге деген ынтасымен ерекшеленеді», – деген пікірге келдім. 

«Білім беру ұйымының әдіскері» журналының қанатқақты нөмірінде «ТжКБ-гі әдістемелік қызмет» атты мақаламның шыққанын және «Халықаралық қаржы-экономикалық даму орталығы-Қазақстан» ЖШС-мен ұйымдастырылған байқаудың жеңімпазы атанғанымды мақтан тұтамын. 

«ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС ұжымы өзінің жоғары дәрежелі кәсіби қызметінің, жемісті еңбегінің және ерекше шығармашылық атмосферасының арқасында педагогикалық қоғам ортасында кеңінен танылды және лайықты орнын алды. Ол жаңашыл рухымен, еліміздің әрбір жаңа даму кезеңінің сұраныстарына сәйкес жетілдіруге деген тұрақты ұмтылысымен ерекшеленеді.

«ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС-нің Бас директоры Әшірова Б. А., «Білім беру ресурстары» тақырыптық бағытының жетекшісі Исхакова Ч. Р., «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы» және «Білім беру ұйымының әдіскері» журналдарының бас редакторы Игнатьева Е. Б. жоғары кәсіпқойлығы үшін, кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырғаны үшін, шығармашылық өсу мүмкіндігін бергені және  жемісті ынтымақтастық үшін зор алғыс білдіргім келеді.


Назад к списку историй успеха

Восстановление пароля

Чтобы сбросить пароль, введите адрес, с помощью которого вы входите в свой аккаунт. Это может быть адрес Gmail или другой электронной почты, а также адрес, который вы используете для работы в Google Apps.


Смена пароля

Этого адреса нет в базе.

Авторландыру
Тіркеу

* – Поля, обязательные для заполнения..

* – Поля, обязательные для заполнения..

Сіз жұмыс істейтін компанияның деректері: