НегізгіЖетістіктер тарихы

Наталья Михайловна Малясова

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының мемлекеттік сатып алу тобының бастығы

Менің «ХҚЭДО – Қазақстан» компаниясымен таныс болуым, 2008 жылы алғаш рет «Мемлекеттік сатып алуды заңнамалық тұрғыдан реттеуге 2008 жылғы енгізілген өзгерістер» тақырыбында өткен семинарға келуімнен басталды. Семинарды мен және басқа барлық тыңдаушылар үшін, біз зерделейтін мәселелерде баға жетпес көмекішге айналған құзыретті дәріс берушілер мен сарапшылар өткізді. 

Семинардың алғашқы күнінен бастап, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы тереңінен түсінуге және оны іс жүзінде сенімді түрде қолдануға мүмкіндік алдым. Семинар барысында Қазақстан Республикасының түрлі аймақтарынан жиналған қызметтес әріптестерімнің аясы кеңейді, олармен қазіргі уақытқа дейін тығыз араласамыз және тәжірибе алмасып, заңнамадағы ағымдық өзгерістерді талқылап тұрамыз.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалық база жүйелі түрде жаңартылып отырады, сондықтан мен «ХҚЭДО – Қазақстан» ЖШС өткізетін семинарларға жыл сайын қатысамын. Қазіргі кездің өзінде осы беделді және елімізге танымал халықаралық компаниядан алған 8 сертификатым бар. 

Осындай семинарларға қатысу және күннің қай уақытында болса да кез келген сұрағыңызды қоя алатын дәріс оқушылар мен сарапшылардың толық және ұғынықты түсіндірмелерін тыңдау, сондай-ақ заңнамаларды зерделеу менің мемлекеттік сатып алуды құқықтық нормаларды бұзбастан  жүргізудегі білімімнің аясын кеңейтуге мүмкіндік берді, ендігі жерде мен өз алған тәжірибемді мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде түрлі жағдаяттарға тап болатын жұмыс бабындағы әріптестеріммен бөлісе аламын. 

Менің шын көңілден білдірер алғысым – семинарларды ұйымдастырушы: «ХҚЭДО – Қазақстан» ЖШС білім беру бағдарламаларын дамыту және жүзеге асыру бөлімінің жетекшісі Гаухар Жақсыбековаға, компанияның жетекші менеджері Индира Жұбаназароваға – олардың семинарға қатысушыларға деген ыстық ықыласына арналады.

2011 жылы «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналы жарыққа шыға бастады және мен оның тұрақты жазып алушысына айналдым. Бұл басылым маған бірден ұнады, өйткені  одан менің жұмысыма көп көмегі тиген өзекті материалдарды таптым. Журналдың шығармашылық ұжымы жарияланымға арналған мақалаларды іріктеуге кәсіби тұрғыдан және жауапты түрде қарайды. 

«Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналымен, «Мемлекеттік сатып алу» тақырыптамалық бағытының жетекшісі Салтанат Сәдуақасова және редактор Тойгүл Ерімбетовамен менің таныстығым өнімді ынтымақтастықпен жалғасуда. Басылым авторы ретінде және мемлекеттік сатып алуда іс-тәжірибем бар болғандықтан, журнал беттерінде оқырмандарға мемлекеттік сатып алушының жұмысында туындайтын мәселелерді түсіндіру бойынша кеңестер беремін.

«ХҚЭДО – Қазақстан» компаниясымен тиімді өзара әрекеттесу мен үшін өте пайдалы болды және кәсіптік тәжірибемді байытып, оны іс жүзінде белсенді түрде қолдануға мүкіндік берді, бұл өз кезегінде мен жұмыс істейтін ұйымның мемлекеттік сатып алу үдерісіндегі сенімін арттырып, ондағы бұлжымас табыстарға қол жеткізуіне ықпалын тигізді.

«ХҚЭДО – Қазақстан» компаниясы www.mcfr.kz сайтында өздерінің алғашқы «Мемлекеттік сатып алулар бойынша сұрақтар мен жауаптар базасы»  электрондық өнімдерінің бірін әзірледі. Мен сайтқа келіп түсетін сұрақтарға шын ықыласыммен жауап беремін және өзімнің бар білімім мен тәжірибемді пайдалана отырып мамандарға көмек көрсетуге тырысамын.   

«ХҚЭДО – Қазақстан» ЖШС бизнес-білім беру саласындағы өзекті ақпараттарды жинаудың, талдаудың, жүйелеудің және берудің әлемдік тәжірибесін, озық технологияларды белсенді түрде қолданады және оларды қазақстандың нарықтың қазіргі кезеңіне ұтымды бейімдейді.
2014 жылы компания тағы да бір жаңа – «ACTUALIS» электрондық жүйесі деп аталатын бірегей өнімін ұсынды, онда осы ресурстың сарапшыларының бірі ретінде, «ХҚЭДО – Қазақстан» компаниясымен  жұмыс істеген алты жыл ішіндегі өнімді ықпалдастықтың нәтижесінде жинақтаған өз тәжірибем мен білімімді қолдануға қол жеткіздім.

«ХҚЭДО – Қазақстан» компаниясымен өзара пайдалы жұмыс істеу барысында менің кәсіби шеберлігімнің деңгейі үнемі арту үстінде,  оның ерекше қасиеті – шеберліктің  жоғарғы дәржесі, бай тәжірибе,  қадамдардың ақылға салынғандығы және бірізділігі, ортақ істің табысты болуына деген қызметкерлердің жауапкершілігі мен жекелей мүдделілігі, бұл мықты командалық рух пен алған білімдерімен, оны іздеушілермен және дамығысы келетіндермен кеңінен бөлісу болып табылады.

«ХҚЭДО – Қазақстан» компаниясы басылымының көптеген клиенттері мен оқырмандары, компания қызметінен өздерінің кәсіптік шеберліктерін арттыруға, өзекті және іс жүзінде қолдануға арналған ақпаратттар мен өнімді және табысты жұмыс істеуге қажетті білімдер алып отыр және оны алуды одан әрі  жалғастыруда деген сенімдемін. 

Назад к списку историй успеха

Восстановление пароля

Чтобы сбросить пароль, введите адрес, с помощью которого вы входите в свой аккаунт. Это может быть адрес Gmail или другой электронной почты, а также адрес, который вы используете для работы в Google Apps.


Смена пароля

Этого адреса нет в базе.

Авторландыру
Тіркеу

* – Поля, обязательные для заполнения..

* – Поля, обязательные для заполнения..

Сіз жұмыс істейтін компанияның деректері: