Международный центр экономического развития

Компания туралы  | Жаңалықтар  | Тақырыпнамалық бағыттар  | Журналдар  | Сұрақтар-Жауаптар  | Электрондық өнімдер  | Оқыту шаралары  | Конкурстар  | Әріптестер  | Қалай сатып алуға болады  |

URL: http://www.mcfr.kz/contest/2896/36428/index.php

Конкурстар
Семинарлар
мамыр 2012
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
 
Басты > Конкурстар

Конкурстар

07.11.2011
Алматы қаласының «Үздік директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары» атты конкурсы екі кезеңге бөлініп өткізілді.
Конкурстың бірінші кезеңі аудандық деңгейде 7–12 қараша 2011 жыл аралығында өткізілді.

Бірінші кезең барысында мектептегі тәрбиелік жұмыстарға қатысты дайындалған моделдің (оқушылардың тәрбиелілік деңгейі, тәжірибені жалпылаудың түрлі әдістері, оның ішінде семинарлар, ғылыми басылымдар арқылы, т. б.), ашық жалпы мектептік шаралардың тиімділігі бағаланды.

2011 жылдың 2 желтоқсан күні екінші кезең өткізілді. Қалалық конкурс Түрксіб ауданының № 84 орта мектебінде өтті. Әділқазылар құрамына Алматы қалалық білім басқармасының тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы – Қ. Қ. Молдабаева, «Айгөлек» республикалық балалар журналының бас редакторы – Қымбат Әбілдақызы, «Современное образование» республикалық журналдың редакторы – Б. Е. Ақбаева және «Білім қорлары» ТБ редакторы – М. Ә. Исаханова кірді.

Конкурсқа 7 талапкер қатысты, олар қаламыздың әрбір ауданы бойынша іріктеуден өтті: Г. Ы.Абдраман (Алмалы ауданы, № 167 мектеп), М. Г. Джабулаев (Әуезов ауданы, № 123 мектеп), Ш. Б. Кисимбетова (Медеу ауданы, № 159 мектеп), Е. Н. Альжанов (Жетысу ауданы, № 137 мектеп), А. М. Божанова (Бостандық ауданы, № 138 мектеп), Д. Қыпшақова (Түрксіб ауданы, № 59 мектеп), М. С. Тайкенов (Алатау ауданы, № 41 мектеп).

Конкурс дөңгелек үстел түрінде өткізілді. Мектептегі тәрбие жүйесінің моделін қорғау үшін «Өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеу ісіне менің қосқан үлесім» атты тақырыпта сөздер сөйленді. Әрбір қатысушының қалауымен материалдар электрондық түрде шығырмашылықпен түсіндіріліп көрсетілді.

2011 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласының № 6 оқушылар үйінің мәжіліс залында, екі тур бойынша «Үздік директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары» конкурсының финалы өтті.

Әділқазылар алқасына конкурстың бірінші турына қатысушылардың шығармашылық папкалары (портфолио), сонымен қатар әрбір қатысушының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткізген: «5–11 сыныптарын «Жас Ұлан» және 1–4 cыныптарын «Жас қыран» қатарларына салтанатты қабылдаудың қалалық ашық шаралары туралы видеороликтері ұсынылған болатын.

Конкурстың екінші туры «ҚР азаматын тәрбиелеу» тақырыбына шығармашылық презентация түрінде өтті. Қатысушылар өз шеберліктерін көрсетті: ән айтты, би биледі, оларға өздерінің талантты тәрбиеленушілері көмектесті. Әрбір қатысушы өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосқан өз үлестерін көрсетуге талаптанды.

Конкурс жеңімпаздары:
–Гран-при – Ш. Б. Кисимбетова (Медеу ауданы, № 159 мектеп);
–І орын – М. С. Тайкенов (Алатау ауданы, № 41 мектеп) және А. М. Божанова (Бостандық ауданы, № 138 мектеп);
–II орын – М. Г. Джабулаев (Әуезов ауданы, № 123 мектеп);
–ІІІ орын – Д. Қыпшақова (Түрксіб ауданы, № 59 мектеп).

Естелік сыйлықтар ретінде ноутбуктар әрбір қатысушыға тапсырылды. Жеңімпаздар Алматы қалалық білім басқармасының мақтау қағаздарымен марапатталды, сонымен қатар «ХҚЭДО–Қазақстан» ЖШС атынан сертификаттарын және мадақтау жүлделерін алды.



Тiзiмге қайтару

Пiкiрлер

Осы тауар туралы пiкiрлер болғанша жоқ