Международный центр экономического развития

Компания туралы  | Жаңалықтар  | Тақырыпнамалық бағыттар  | Журналдар  | Сұрақтар-Жауаптар  | Электрондық өнімдер  | Оқыту шаралары  | Конкурстар  | Әріптестер  | Қалай сатып алуға болады  |

URL: http://www.mcfr.kz/catalog/index.php

Тақырыпнамалық бағыттар
Семинарлар
мамыр 2012
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
 
Басты > Тақырыпнамалық бағыттар

Тақырыпнамалық бағыттар

«Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, өткізу мен бақылау жасау сияқты қызметтің өзекті салаларының әр түрлі қырлары әңгіме болады. Журнал сарапшылары оқырмандардың мемлекеттік сатып алуға қатысты кез келген сұрақтарына құзіретті жауаптар береді; сіздер мамандардың ұсынымдары мен кәсіптік пікірімен, заңнамадағы соңғы өзгерістермен таныса аласыздар, сондай-ақ журналда қозғалған тақырып бойынша әдістемелік және ақпараттық материалдар ұсынылады.

«Кадрлар және іс қағаздарын жүргізу» тақырыптық бағытының аясында  ұйым басшылары, кадр қызметінің мамандары, мұрағатшылар, хатшылар, іс қағаздарын жүргізушілер, бухгалтерлер, HR-менеджерлер үшін мамандандырылған басылымдар – «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы», «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу», «Кадрлар және іс қағаздарын жүргізу. Сұрақтар мен жауаптар» журналдары шығарылады.

«Білім беру ресурстары» тақырыптық бағыты білім беру саласының кәсіпқойларына, атап айтқанда: мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың, кәсіптік колледждер мен лицейлердің, сондай-ақ қосымша және мектептен тыс білім беру орындарының басшыларына, олардың орынбасарларына, методистерге, сынып жетекшілері мен тьюторларға, тәрбиешілерге, педагогтарға арнап журналдар, кітапхана жинақтары мен компакт-дискілер шығарады.

«Еңбекті қорғау» тақырыптық бағыты кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының еңбекті қорғау мен халықты әлеуметтік қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық есендігі саласындағы басшылары мен мамандарына арналған маманданырылған басылымдар шығарады.