Международный центр экономического развития

Компания туралы  | Жаңалықтар  | Тақырыпнамалық бағыттар  | Журналдар  | Сұрақтар-Жауаптар  | Электрондық өнімдер  | Оқыту шаралары  | Конкурстар  | Әріптестер  | Қалай сатып алуға болады  |

URL: http://www.mcfr.kz/catalog/3/index.php

Тақырыпнамалық бағыттар
Семинарлар
мамыр 2012
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
 
Басты > Тақырыпнамалық бағыттар

Еңбекті қорғау

Cипаттама Тауарлар

«Еңбекті қорғау» тақырыптық бағыты кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының еңбекті қорғау мен халықты әлеуметтік қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық есендігі саласындағы басшылары мен мамандарына арналған маманданырылған басылымдар шығарады.

Басылымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен басқарудың, объектіде өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, әлеуметтік және міндетті сақтандырудың, медициналық тексерулер мен жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің, қызметкерлерді арнаулы тағаммен, арнаулы киіммен, арнаулы аяқкиіммен және жеке қорғанудың өзге де құралдарымен қамтамасыз етудің, еңбек заңнамасы нормаларын, санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарды сақтау, еңбекті қорғауды басқару жүйелерін басмқаруды жетілдірудің, өндіріске қауіпсіз техникалық және технологиялық тиімді шешімдерді енгізудің, заманауи қауіпсіз жабдықтардықолданудың, сондай-ақ отандық және шетелдік кәсіпорындар мен ұйымдар тәжірибесінің іс-тәжірибелік мәселелері қарастырылады.

«Еңбекті қорғау» тақырыптық бағытының журналдары еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық есендігі, әлеуметтік, міндетті сақтандыру, әлеуметтік әріптестік пен қоршаған ортаны қорғау саласын реттейтін нормативтік құжаттардың мәтіндерін, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитеті, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікке мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті, басқа да министрліктер мен ведомстволардағы жетекші мамандардың түсіндірмелерін, сондай-ақ оқырмандардың сұрақтарына берілетін жауаптарды келтіреді.

Барлық  басылымдардың іс-тәжірибелік сипаты бар және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша әкімшілік және шаруашылық қызметте шешімдер қабылдау кезінде қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Авторлары: еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық есендігі, әлеуметтік, міндетті сақтандыру, әлеуметтік әріптестік пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мамандар.

Бағыт өз басылымдарын қосымшалармен тұрақты толықтырып тұрады, олардан жазылушылар көптеген қызықты әрі пайдалы ақпарат таба алады.

Командасы:
Едилов.jpgЕділов  Рысқали  Жетпісбайұлы – бағыт жетекшісі, «Қазақстанда еңбекті қорғау», «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік актілер» журналының, «Қазақстанда еңбекті қорғау» журналының қосымшасы – «Еңбекті қорғау жөніндегі маманның кітапханасының» бас редакторы;

Райынбекова Елена Николаевна - «Қазақстанда еңбекті қорғау» журналының редакторы;

Андреева  Елена  Петровна - әдеби редактор – орыс тіліндегі мәтіндердің корректоры;

Әшіров  Нұрайдар  Мұхамедиұлы - әдеби редактор – орысша мәтіндерді қазақ тіліне аударушы.

ҚАЗАҚСТАНДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
Кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдардың еңбекті қорғау және халықты әлеуметтік қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық есендігі саласындағы басшылары мен мамандарына арналған кәсіптік журнал.
Мерзімділігі: Жылына 12 рет
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ МАМАННЫҢ КІТАПХАНАСЫ

«Қазақстанда еңбекті қорғау» журналының жыл сайынғы кәсіптік қосымшасы.

Мерзімділігі: Жылына 1 рет
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР
Кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының еңбекті қорғау және халықты әлеуметтік қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық есендігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басшылары мен мамандарына арналған кәсіптік журнал.
Мерзімділігі: Жылына 12 рет
   
«Бизнестегі кәсіби шешімдер» жинақталымы
«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» жинақталымы
 
Барлық бiр беттердегi көрсету