«Мемлекеттік тапсырыс» тақырыптық бағыты мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарға арналған ақпарат ұсынады.
«Кадрлар және іс қағаздарын жүргізу» тақырыптық бағыты ұйым басшылары, кадр қызметінің мамандары, мұрағатшылар, хатшылар, іс қағаздарын жүргізушілер, бухгалтерлер, HR-менеджерлер үшін мамандандырылған басылымдар шығарады.
«Білім беру ресурстары» тақырыптық бағыты білім беру саласының кәсіпқойларына, атап айтқанда: мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың, кәсіптік колледждер мен лицейлердің, сондай-ақ қосымша және мектептен тыс білім беру орындарының басшыларына, олардың орынбасарларына, методистерге, сынып жетекшілері мен тьюторларға, тәрбиешілерге, педагогтарға арнап журналдар, кітапхана жинақтары мен компакт-дискілер шығарады.
«Еңбекті қорғау» тақырыптық бағыты кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының еңбекті қорғау мен халықты әлеуметтік қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық есендігі саласындағы басшылары мен мамандарына арналған маманданырылған басылымдар шығарады.

