НегізгіО компании

Серіктестерге

«ХҚЭДО–Қазақстан» ЖШС цифрлық баспасы (www.mcfr.kz) кәсіптік БАҚ нарығында көшбасшылық орындарды иеленеді және Қазақстандағы экономика, құқық пен қаржылық-шаруашылық және экономикалық қызметтің әртүрлі салаларын басқару саласындағы кәсіптік ақпараттың аса ірі кіріктірушісі болып табылады. Шығарылатын басылымдардың жалпы таралымы 30 мың данадан асады. ХҚЭДО электрондық жүйелері елдің бейіндік министрліктері мен ведомстволарының жетекші сарапшылары дайындаған бірегей авторлық кеңес берулеріне негізделген.


Сіздерге ынтымақтасуды қарастыруды және Қазақстан өңірлерінің нарығына мынадай салалардағы мамандар үшін талап етілетін электрондық-сабағаттық жүйелерді ілгерілету саласында Серіктес болуды ұсынамыз:


  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Кадрлар және еңбекті қорғау
  • Білім беру

Клиенттерге ұсынылатын өнімдерде Wolters Kluwer – кәсіптік ақпараттық жүйелер саласындағы дүние жүзіндегі жетекші компанияның бірегей технологиялық веб-платформасы қолданылды.


Біз Қазақстан өңірлері нарығында толағай табыстарды межелеп отырған компаниялармен серіктестікке мүдделіміз және де Сіздерге өзара тиімді ынтымақтастық нұсқаларын ұсынамыз.


ХҚЭДО-мен бүгінгі күнгі ынтымақтастық - бұл:
1. Сенімді ұзақ мерзімдік серіктестік.
Біз өзара әрекеттестікті серіктестік саясат қағидаттарына сәйкес құрамыз. Адал және ашық қатынастар ұзақ мерзімдік ынтымақтастыққа септігін тигізеді —бұл біздің ортақ мүдделеріміз.
2. Ынтымақтастықтың тиімді шарттары.
Біз электрондық қызметтер көрсету нарығына бәсекелестерден сәл кешірек шықтық, бұл басқалардың қателіктерін ескеруге және өнімді клиенттердің тілектері мен талаптарына орай әзірлеуге мүмкіндік берді. Біз серіктестерге даму үшін тиімді жағдайлар ұсынудың маңыздылығын сезінеміз.
3. Оқыту, кеңестер беру, қолдау көрсету.
Біздің серіктестерде әрқашан өңірлік менеджерлермен бизнесті дамыту мәселелерін талқылау, қызметкерлерді оқыту, жаңа өткізу идеяларын ұсыну мен эксперименттер жүргізу мүмкіндігі болады.
4. Кәсіпқойлардың қауымдастығы.


Біз кәсіпқойларды бүкіл ел көлемінде біріктіруге ұмтыламыз. Біздің серіктестік желіміз — бұл үлкен команда, бұл жерден Сіздер электрондық өнімдер саласында көшбасшылар болуға ұмтылатын пікірлестерді табасыздар.


«ХҚЭДО–Қазақстан» (Халықаралық қаржы-экономикалық даму орталығы – Қазақстан) ЖШС-нің цифрлық баспасы Қазақстанның барлық аумағындағы дистрибьютерлермен ынтымақтасады.


Бүгінгі күні біз мынадай серіктестермен және жазылу агенттіктерімен ынтымақтасып отырмыз:


«Қазпошта» АҚ
«Эврика пресс» ЖШС
«Евразия пресс» ЖШС
Астана қаласындағы «Қазақстан баспасөз орталығы» ЖШС
Өскемен қаласындағы «КАЗАХPRESS» ЖШС
Қостанай қаласындағы «Экспресс-пресса» ЖШС
Павлодар қаласындағы «Стиль» ЖШС
Өскемен қаласындағы Степанов ЖК
Шымкент қаласындағы «Ernur-press» ЖШС
Петропавл қаласындағы «Норд-пресс» ЖШС
Тараз қаоласындағы «Тараз Пресс» ЖШС
Қарағанды қаласындағы Дело-Ко БО
Ақтөбе қаласындағы «Знание - сервис» ЖШС


Біз өздеріңізді қызықтырған сұрақтарға жауап беруге дайынбыз және біздің компаниямен ынтымақтасу жөнінде егжей-тегжейлі, көлемді жауаптар ұсынамыз.


Тел. + 7 (727) 323-62-12, 323-62-13

Восстановление пароля

Чтобы сбросить пароль, введите адрес, с помощью которого вы входите в свой аккаунт. Это может быть адрес Gmail или другой электронной почты, а также адрес, который вы используете для работы в Google Apps.


Смена пароля

Этого адреса нет в базе.

Авторландыру
Тіркеу

* – Поля, обязательные для заполнения..

* – Поля, обязательные для заполнения..

Сіз жұмыс істейтін компанияның деректері: