Международный центр экономического развития

Компания туралы  | Жаңалықтар  | Тақырыпнамалық бағыттар  | Журналдар  | Сұрақтар-Жауаптар  | Электрондық өнімдер  | Оқыту шаралары  | Конкурстар  | Әріптестер  | Қалай сатып алуға болады  |

URL: http://www.mcfr.kz/about/news/2428/36451/index.php

Жаңалықтар
Семинарлар
мамыр 2012
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
 
Басты > Компания туралы > Жаңалықтар > Кадрлар және іс қағаздарын жүргізу

Еңбек кодексіне өзгертулерге қол қойды

22.02.2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңына қол қойды.

Заң халықаралық еңбек стандарттарын ескере отырып, еңбек қатынастарын құқықтық реттеу сапасын арттыруға, сондай-ақ әлеуметтік әріптестіктің қолданыстағы түрлері мен әдістерін жақсартуға, жұмыскерлердің құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының мақсаты еңбек ету саласында ең төменгі құқықтар мен еркіндіктерді белгілеуге, еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған тікелей еңбек етумен байланысты еңбек қатынастырын және өзге де қатынастарды құқықтық реттеу болып табылады.

Заң қолданыстағы Еңбек кодексіне 4 жыл ішінде оның кейбір қағидаларына түзетулер енгізу қажеттігінің туындауына байланысты еңбек заңнамаларын жетілдіруге бағытталып отыр. Түзетулер Қазақстанның 2020 жылға дейінгі құқықтық саясатының тұғырнамасына сәйкес әзірленген, онда еңбек заңнамасында халықаралық тәжірибелерді қолдану қажеттігі айтылған.

Аталған заң арқылы жұмысшылардың еңбек құқығы бұзылуының алдын алатын ережелерді күшейту, түрлі қателіктер тудыратын қарама-қайшы ережелерді жою ұсынылады. Сонымен бірге, еңбек қатынастарына қатысушылар құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде  жемқорлықпен күресу үшін артық әкімшілік рәсімдерді алып тастау көзделеді. Әлеуметтік әріптестік саласында тараптар мүдделерінің, ұжымдық қатынастар түрлерін қамтамасыз етудің қолданыстағы нысандары мен әдістерін жақсарту ұсынылады.
Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысы бойынша, кәсіпорындардың ішкі бақылау жүйесіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі ортақ комиссия құру жоспарлануда. Оның құрамына тепе-теңдік негізінде жұмысшылар мен жұмыс  берушілердің өкілдері енеді.


Тiзiмге қайтару

Түсіндірмелер

Түсіндірмелер Түсіндірме жазу

Бұл мақалаға әлі ешкім түсіндірме берген жоқ, сіз бірінші болып жаза аласыз

Чтобы написать комментарий - авторизуйтесь