22.02.2012
Қарағанды облысы тағы да қазақстандық өндіріс дамуының көшбасшысы атанды. Екінші және үшінші орындарды Шығыс Қазақстан және павлодар облыстары иеленіп отыр.
Бұл жөнінде ҚР Индустрия және сауда министрлігі Жергілікті өндірісті дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінің (NADLoC) баспасөз қызметінде хабарланды.
Ақпаратқа сәйкес, мәліметтер жүйе құрушы кәсіпорындар сатып алуларының мониторингіне негізделген. Қарағанды облысы тағы да қазақстандық өндіріс дамуының көшбасшысына айналды, оның көрсеткіштері елдегі барлық облыстар үлесінің жартысына жуығына (49 %) дерлік жетті. Өткен жылғы мәліметтер 39,5 %-ды құраған болатын. Екінші орында – Шығыс Қазақстан облысы, оның көрсеткіштері де 2010 жылғы 10,3 %-бен салыстырғанда 13,1 %-ға дейін өсті. Үшінші орынды Павлодар облысы иеленді, ол қазақстандық өндіріс жөніндегі көрсеткіштерін 2010 жылғы 30 %-дан 2011 жылғы 10,2 %-ға дейін шұғыл төмендетіп алды.
Сондай-ақ Маңғыстау облысының үлесі елеулі өсіп, 7,3 %-ға дейін жетті. 2010 жылы бұл көрсеткіш небары 2 %-ға тең еді. Жамбыл облысы жергілікті өндіріс бөлігінде 1,6 %-дан 3,3 %-ға дейін біршама «өсті». Сондай-ақ өсім Қостанай, Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында да байқалды.
Басқа облыстарда көрсеткіштер не бұрынғы деңгейінде қалып қойды немесе ол жерде казақстандық өндіріс көрсеткіштері бойынша бірқатар төмендеу байқалды.
Түсіндірмелер
Түсіндірмелер
Түсіндірме жазу
![]()
![]()
Бұл мақалаға әлі ешкім түсіндірме берген жоқ, сіз бірінші болып жаза аласыз
![]()
![]()
![]()
![]()
Чтобы написать комментарий - авторизуйтесь
![]()
![]()

