Халықаралық қаржы-экономикалық даму орталығы – Қазақстан (ХҚЭДО – Қазақстан), Қазақстан нарығында 2005 жылдан бастап жұмыс істейді. Біздің қызметіміздің негізгі бағыттары – қысқа мерзімді білім беру семинарларын өткізу және мамандандырылған іскерлік әдебиеттер шығару.
Компания өзінің қызмет көрсету спектрін ұлғайту және қолда бар ақпараттық өнімдерін әрдайым жетілдіру бағытында едәуір жұмыстар атқарып келеді.
ХҚЭДО - Қазақстан басылымдары басшылар және кадр, еңбекті қорғау, іс қағаздарын жүргізу, мемлекеттік сатып алу мамандары, сондай-ақ білім беру мекемелерінің басшылары мен ұстаздары үшін күнделікті қажет кітаптар болып табылады.
Қазақстандық мамандардың кәсіби проблемалары бойынша ХҚЭДО - Қазақстан сарапшылары әрдайым өткізіп тұратын мониторинг, қандай да болмасын маңызды мәселені берілген ақпараттар аясында жан-жақты талдап көрсетеді және Қазақстан заңнамаларындағы әрбір өзгертулер мен маңызды енгізілімдерге жедел назар аударуға мүмкін береді.
ХҚЭДО - Қазақстан қысқа мерзімді білім беру семинарларын әзірлеумен және өткізумен 2006 жылдан бастап айналысып келеді. Біздің оқырмандарымыздың ой-пікірлері бойынша ХҚЭДО - Қазақстанның білім беру семинарларының беделі жоғары сапалы білім берумен, дәріскерлердің кәсіби шеберлігімен, қарастыратын тақырыптардың маңыздылығымен, сондай-ақ өте жақсы қызмет көрсетуімен ерекшеленеді.
Біз ақпараттар беру және білім беру-бизнесі саласында әлемдік тәжірибелерді, үздік технологиялар мен Қазақстан нарығының ұстанымдарына ойдағыдай бейімделген қағидаларды пайдаланамыз. Біз, біліктілікті жетілдірудің жаңа формалары мен әдістерін ұсынамыз, әрбір клиенттің жеке бабын табуға тырысамыз және өзімізге алынған міндеттемелерді мүлтіксіз орындаймыз.
Біз әр жобаны дайындауға және өткізуге жоғары талаптар қоямыз: зерттеулер жүргіземіз, тақырыптарды іріктейміз, беделді авторларды, сарапшылар мен тәжірибешілерді бірлесіп қызмет атқаруға шақырамыз, олар өздерінің білімдерін және тәжірибелерін тыңдаушылармен және оқырмандармен бөліседі, сондай-ақ ескертулер мен тілек-пікірлерге де мұқият назар аударамыз.
ХҚЭДО – Қазақстанның барлық қызметі, әр компанияның негізгі капиталы – оның мамандарын білікті етуге бағытталған.

